8 августа, 2026

ҚМДБ төрағасы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті.

0
764832984_1071302822143651_4269752904117900960_n

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиевпен кездесті.

Кездесу барысында Түркияда білім алып жүрген қазақстандық талапкерлердің жағдайы, олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау, діни білім беру саласындағы өзекті мәселелер және екі ел арасындағы рухани-мәдени байланыстарды одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.

Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиевке Түркияда білім алып жүрген қазақстандық талапкерлерге көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *