ОТЫРАРДА ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ КЕПІЛІ
Мемлекет басшысының өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру, инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жөніндегі тапсырмаларын орындау бағытында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен өндірістік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, барлық аудан мен қалада шағын өндірістік парктер құру арқылы кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі басталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Отырар ауданында да аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының үйлестіруімен қарқынды жүзеге асырылуда. Инвестициялық жобаларды тарту, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы аудан экономикасының тұрақты дамуына серпін берілуде.
Бүгінде Түркістан облысында 29 шағын өндірістік паркте 275 өндірістік ғимараттың құрылысы басталып, оның 164-і толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Отырар ауданында жалпы құны 305 миллион теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылып, 21 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.
Аталған жобалар аясында:
темір бұйымдарын өндіру;
брусчатка шығару;
құрама жем өндіру;
ауыл шаруашылығы өнімдерін сублимациялық әдіспен кептіру бағытындағы заманауи кәсіпорындар іске қосылды.
Жаңа өндіріс орындарының ашылуы – аудан экономикасының дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған маңызды қадам.
Өндірістік парктердің құрылысын уақытылы әрі сапалы аяқтау мәселесі апта сайынғы штаб отырыстарында тұрақты қаралып келеді. Бұл жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында болса, аудан көлеміндегі жобалардың тиімді жүзеге асырылуын Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жіті назарда ұстап, инвестициялық бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
