КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Кентау қаласында 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес жалпы ұзындығы 1,34 шақырымды құрайтын Қаратөбе, Балбырауын, Ақбикеш-1, Ақбикеш-2 көшелері мен «Экскаватор» зауыты бойындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірленген.
Қазіргі таңда Ақбикеш-1 көшесі мен «Экскаватор» зауыты бойындағы жолда асфальт-бетон жабындысын төсеу жұмыстары орындалды.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс барысын бақылады. Тұрғындармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі жүйелі атқарылуын қадағалауды тапсырды.
Айта кетейік, алдағы кезеңде қалған көшелерде де жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жалғасатын болады. Аталған жоба 2027 жылға өтпелі.
Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалады.
Қала жолдарының сапасын арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
