8 августа, 2026

1 шілдеден бастап Қазақстанда абаттандыру қағидалары өзгерді.

0
749300686_3293372841051531_4381684340411047190_n

1 шілдеден бастап Қазақстанда абаттандыру қағидалары өзгерді. Енді жеке үй мен коммерциялық нысан иелері өз аумағынан бөлек, үйінен 5 метрге дейінгі іргелес аумақтың тазалығына да жауап береді.

Не өзгерді?

— 5 метрлік іргелес аумақ заңмен нақты бекітілді.

— Қоқыс, арамшөп, қар мен мұзды тазалау міндетті.

— Қоршау сыртында құрылыс материалдарын, отын, тыңайтқыш, тіркеме немесе көлікті ұзақ уақыт қалдыруға болмайды.

— Үйдің нөмірлік белгісі болуы, қасбет пен қоршау күтімді болуы тиіс.

— Құрылыс қоқысын тек арнайы орындарға шығару қажет.

Айыппұлдар:

— Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін – 20 АЕК (86 500 теңге) бастап.

— Ортақ аумақты ластағаны үшін – 10 АЕК (43 250 теңге) немесе қоғамдық жұмыс.

— Қайталанса, жаза күшейеді.

Хаттаманы енді полициямен қатар әкімдік инспекторлары да толтыра алады.

Ең маңыздысы: 5 метрлік аумаққа қоқысты басқа біреу тастап кетсе де, оны тазалау міндеті меншік иесіне жүктеледі. Айыппұл төлегеннен кейін де қоқыс тазаланбаса, қайтадан жауапкершілікке тартылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *