КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ.
Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында жаңа «Ар-Рахман» мешітінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл ауыл тұрғындары үшін маңызды рухани оқиға болды.
Іс-шара Құран аяттарының оқылуымен басталып, марқұмдардың рухына дұға бағышталды. Ашылу рәсіміне Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, ауыл ақсақалдары, дін қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Жиында сөз сөйлеген бас имам жаңа мешіттің ел бірлігін нығайтып, жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке тәрбиелейтін рухани орталық болуына тілектестік білдірді. Ауыл ақсақалдары да ақ батасын беріп, мешіттің халық игілігіне қызмет етуіне ниет айтты.
Жаңа мешіт ауыл тұрғындары үшін құлшылық пен діни тәрбие алатын маңызды орынға айналмақ.
